Түркістан облысында күдіктілерден 12 мыңнан астам Трамадол таблеткасы тәркіленді

15:56, 29 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі заты бар Трамадол дәрілік препаратын сақтау мен тасымалдау дерегіне қатысты күдікті екі адамды анықтап, ұстады.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түлкібас ауданының Алматы – Шымкент тасжолында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары, екі ер адам отырған Lada автокөлігін тоқтатты.

Аталған көліктің жүксалғышын тексеру кезінде Трамадолдың 12 мыңнан астам таблеткасын тауып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!