Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғандар жазаға тартылды

11:32, 18 қаңтар 2021

Түркістан облысында тәртіп сақшылары 200-ге жуық адамның қатысуымен өткен тағы бір көкпар ұйымдастырушыларды анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде белгісіз біреулердің көкпар ойынын ұйымдастырған видеосын анықтады.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары ұлттық ойын Жетісай ауданы, Жамбыл ауылының маңында болғанын анықтады. Ауыл тұрғындарының бірі карантин режимі талаптарын бұзып, 200-ге жуық адамның қатысуымен көкпар ұйымдастырған.

Іс-шараға қатысушыларға полиция санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуына жол беруге болмайтыны бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі күні көкпар ұйымдастырушысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы, "Алкогольдік ішімдіктерді өткізу туралы заңнама талаптарын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды және жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін СЭС-ке жіберілді, деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

2020 жылы 10 қарашада Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғаны үшін ер адамға 83 мың теңге айыппұл салынды. Ол да 200 адамға көкпар ұйымдастырған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!