Түркістан облысында келіні енесін балғамен ұрып өлтірді

14:36, 18 қыркүйек 2019

Қылмыстық оқиға Созақ ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қыркүйекте Созақ аудандық полиция бөліміне хабарласқан ер адам көршісінің ас бөлмесінде үй иесінің өліп жатқанын айтқан. Оқиға орнына Түркістан облыстық департаментінің тәжірибелі полицейлерінен құралған арнайы топ келген. Криминалистер әйелдің өлімі басының аумағына ауыр затпен соққы алуының салдарынан болғанын анықтаған. Полицейлер сондай-ақ, үйдің сырты кілтпен құлыпталғанын байқап, "қылмысты жақын адамдардың бірі жасады" деген ойға келген. Жедел-іздестіру шаралары барысында енесін өлтірген келіні екені анықталды. Ауыр қылмысты бір тәулік ішінде ашқан тәртіп сақшылары көрші ауылда тұратын келіннің қолына кісен салып, алып кетті.

"Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша тіркелді. Жедел уәкілдер күдіктіні өзінің үйінен, яғни отбасымен тұратын мекен-жайдан ұстады. Күдікті әйел қамауға алынды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Айғақты зат ретінде балға тәркіленіп алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеушілер өлімнің себебін және оқиғаның толық мән-жайын анықтауда" - делінген хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!