15 қараша - Ұлттық валюта күні. Төл теңгенің тарихы
© Фото: Zakon.kz
Бүгін Ұлттық валюта - теңгенің айналымға енген күні. 31 бір жыл бұрын алғашқы банкноталар Англияның "Харрисон және ұлдары" баспаханасында басылып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Осы төл теңгеміздің өткені мен бүгіні жайлы толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.
Тарихы:
1961-1992 жылдардағы кеңестік банкноттарды айналымнан шығару туралы алғашқы ресми құжат Ресей Орталық банкі тарапынан 1993 жылдың шілдесінде қабылданды. Көп ұзамай 1993 жылдың 12 қарашасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚР аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15-20 қарашада КСРО-ның 1961-1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары іске асырылды.
Осы сәтте Ұлттық банк 1 теңгені – 1000 сомға бағалады. Алайда енді ғана аяққа тұрған елдің саяси, әлеуметтік мәселесі мен мемлекетаралық қатынасы ескеріліп, 1 теңге – 500 сом болып бекітілді.
Теңге купюрасының үлгілері 1992 жылдың 27 тамызы күні бекітілді. Туынды иелері: Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлелов.
Алғашқы теңгеге Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланды.
- Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл-Фараби,
- Үш теңгелікте Сүйінбай,
- Бес теңгелікте Құрманғазы,
- Он теңгелікте Шоқан,
- Жиырма теңгелікте Абай,
- Елу теңгелікте Әбілқайыр хан,
- Жүз теңгелікте Абылай хан бейнесі сомдалды.
Сурет: ҚР Ұлттық Банкі
Осылайша, елбасының жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Айта кетейік, төл теңгеміз 3 жыл қатарынан "Әлемнің ең үздік банкноты" атағын иеленген болатын. Атап айтқанда:
- 2011 жылы — ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік ескерткіш банкноты үшін;
- 2012 жылы — "Қазақ Елі" сериясынан 5000 теңгедік банкнот;
- 2013 жылы — Түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1 000 теңгелік "Kүлтегін" ескерткіш банкнотына берілген.
IBNS марапатының тарихында бір елдің банкноттары қатарынан үш мәрте жеңіске жетуі – бір-ақ рет болған жайт (Канада мен Швейцария банкноттары екі реттен үздік атанған).
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жыл өткен сайын теңгенің келбеті де құрылымы да өзгере түсті. Мәселен: 1994 жылғы 1 наурыз — 200 теңге, 1994 жылғы 27 шілдеде — 500 теңге, 1995 жылғы 14 ақпан — 1000 теңге, 1996 жылғы 15 қараша — 2000 теңге, 1999 жылғы 15 қарашада – 5 000 теңге, 2000 жылдың 1 қыркүйегі – 200 және 500 теңгелік банкноттардың бірінші модификациясы, 2001 жылғы 2 қараша — 1000 және 2000 теңгелік банкноттардың модификациясы, 2001 жылғы 16 желтоқсан — 100 және 5000 теңгелік банкноттардың ішінара модификациясы, 2002 жылғы 15 қараша — 200 және 500 теңгелік банкноттардың екінші модификациясы, 2003 жылғы 28 шілде – 10 000 теңге шығарылды.
1994 жылдың басында номиналы 1, 3, 5, 10 және 20 теңгелік теңгелік монеталар айналысқа шығарылды, ал қағаз тиынның орнына номиналы 2, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар шығарылды. Кейіннен инфляциялық процестер сатып алу қабілетінен айырылған тиындарды айналымнан алып тастады.
Бүгінгі күні банкнот диапазоны 500, 1000, 2000, 5000, 10 мың және 20 мың теңгелік банкноттардың номиналдарынан тұрады. Ал, монеталардан 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100, 200 теңге бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:47, 15 қараша 2024
Досаев Жетісу ауданында: халықтың базынасы мен әкімнің уәделері
-
11:25, 15 қараша 2024
15 қарашадағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:00, 15 қараша 2024
Қызылордада Үкімет резервінен жылу желілерін салуға бөлінген ақша үнемделді
-
10:32, 15 қараша 2024
Қостанайда сот жеке сот орындаушысынан 50 миллион теңге өндіріп алды
-
10:09, 15 қараша 2024
«Семей орманы» филиалының басшысы жалған дипломмен жан бағып келген