Түркістан облысында екі баласын өлтірген анаға қатысты сот отырысы басталды
© Сурет: pexels
Түркістан қаласында екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға қатысты сот отырысы басталды. Облыстық Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатқан сотқа айыпталушының күйеуі жәбірленуші тарап ретінде қатысты.
Прокурорлардың мәліметінше, 30 жастағы келіншек Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде бастауыш сыныбының мұғалімі болып істеген.
Ол ауыр қылмысты күйеуіне ренжігені үшін жасаған. Күйеуімен ұрсып қалғаннан кейін Түркістан қаласына барып, үш және төрт жасар ұлы мен қызын ойын орталығына апарады.
Артынша жалдамалы пәтерде балаларын ұйықтатып, тұншықтырып өлтірген, деп жазады qazaqstan.tv.
Таң атқан соң Шымкент қаласына қашып кеткен. Сотта айыпталушының адвокаты істі қарамас бұрын келіншекке тағы бір психиатриялық сараптама тағайындауды сұрады.
"Жас баласын ешқандай ана өлтіруі мүмкін емес. Ол үлкен сұрақ. Қоғамның алдында тұрған үлкен мәселе. Осыған қатысты. Бұл бір емес, екі емес бірнеше рет кешенді сараптамадан өтсе дұрыс деп түсінеміз. Жан-жақты сот психиатриалық сараптама тағайындауыңызды сұраймыз." Айнагүл Рүстемова , айыпталушының адвокаты
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:33, 16 желтоқсан 2025
Қызылордада алғаш рет бір күнде үш бүйрек ауыстырылды
-
22:21, 16 желтоқсан 2025
«Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті
-
21:53, 16 желтоқсан 2025
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтты
-
21:39, 16 желтоқсан 2025
Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам





