Түркістан облысында әйел екі ұлымен бірге түтінге уланып көз жұмды
© Фото: primeminister.kz
Түркістан облысы Шұбарсу ауылының тұрғыны, 38 жастағы Раушан Ахметова екі ұлымен бірге түтінге уланып, көз жұмды. Мектепте оқитын тағы бір ұл аудандық ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК ақпаратына сүйенсек, 38 жастағы Раушан Ахметова Шұбарсу ауылына төрт жыл бұрын ажырасқан соң көшіп келген екен. Үш ұлымен жалдамалы жер үйде тұрып жатқан. Көмір жағылатын пеш мұржасын әне-міне тазалаймын деп жүргенін көршілеріне айтқан екен. Бірақ үлгерген жоқ. Бес және жеті жасар ұлымен бірге оны Отырар ауданында жерледі. Ал періштесі қаққан ұлын енді әкесі қарайды.
Белгілі болғандай, тәрбиеші болып істейтін әйел балабақшаға бармаған соң, іздеп келген әріптестері есікті бұзып ашыпты.
"Келген кезінде есік құлыптаулы, телефонға қоңырау барып тұрған. Іштен бір ыңырсыған дауыс естіледі. Сонымен меңгеруші балабақшаға хабарлайды. Сөйтіп күллі балабақшаның адамдары келіп, есікті бұзып кірген. Мен жедел жәрдемді көріп, у-шудан жүгіріп келдім ғой, жақын жерде тұрамын. Келсек, балаларын сыртқа шығарып қойған, жүрегі соқпайды, үзіліп кеткен екен". Жамбыл Дәулетов, марқұмның туысы;
7-сынып оқитын балаға анасы мен інілерінен айырылғанын әлі естіртпепті. Осы жағдайдан кейін жергілікті билік пеш жағатындарға ескертуді күшейтеміз деп отыр.
"Бұның алдында бұл үйде болғанбыз, жаңағы Раушаның өзімен де жолығып, есігінің алдында түсіндіру жұмыстарын жүргізгенбіз. Алайда осындай жағдай орын алды. Енді ауыл округінің бәріне осы жұмысты күшейтсек пе деп отырмыз".Ғабит Аман, Шұбарсу ауыл округі әкімінің орынбасары:
Бұған дейін СҚО-да жанып кеткен үй ішінде әкесі мен екі ұлының мәйіті табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:42, 13 қаңтар 2026
Италиядағы Олимпиада ойындарын Мэрайя Кэри ашады
-
11:37, 13 қаңтар 2026
АҚШ-та аутизмі бар Барби қуыршағы шығарылды
-
11:28, 13 қаңтар 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы – 13 қаңтар
-
11:15, 13 қаңтар 2026
Павлодар облысында колонияға спирттік ішімдік өткізбек болған күдікті анықталды
-
11:02, 13 қаңтар 2026
Барлық елді мекендер 100% ауыз сумен қамтылды – Өнеркәсіп және құрылыс министрі





