Түркістан облысында бір топ адам жас жігітті аяусыз соққыға жыққаны видеоға түсіп қалды

© Сурет: unsplash
2023 жылдың 22 қыркүйегінде әлеуметтік желілерде мектеп оқушысының соққыға жығылғаны түсірілген видео пайда болды. Болжам бойынша, кадрлар Түркістан облысында түсірілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видео egovpress Telegram арнасында жарияланған.
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 11 сынып оқушылары арасында келіспеушілік болғаны жайлы айтып, арызданды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Келес аудандық ішкі істер бөлімінен хабарлады
Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД мен аудандық полиция бөлімінің басшылығы шықты.
"Анықталғандай, Келес ауданындағы мектептің жоғары сыныптағы 2 оқушысы өзара сөзге келіп келіспеушілік туындап, екіншісі көрші мектептегі жоғары сыныптың оқушысын шақырып, келген оқушы жәбірленушіге соққы жасаған." Келес аудандық полиция бөлімі
Нәтижесінде жәбірленуші 11 сынып оқушысы емханаға түсті. Бүгінгі таңда ем қабылдауда. Оқиға бойынша сот-сараптамалары тағайындалды.
"Аталған факті ҚР Қылмыстық кодекстің 293- бабы 2-б. (Бұзақылық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде." Келес аудандық полиция бөлімі
Бұған дейін Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмасымен облысқа қарасты 17 ауданда полиция, әкімдік пен мектеп ұжымы жиналып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында бірқатар іс-шараларды ұйымдастырған. Ата-аналардың қатысуымен арнайы жиналыстар өткізілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:57, 12 желтоқсан 2023
Виолончельші Степан Хаусердің Димашпен жасаған коллаборацияcы желіні дүр сілкіндірді
-
01:57, 12 желтоқсан 2023
Виолончельші Степан Хаусердің Димашпен жасаған дуэті желіні дүр сілкіндірді
-
01:13, 12 желтоқсан 2023
Түркістан облысында бадминтоннан халықаралық турнир аяқталды
-
00:52, 12 желтоқсан 2023
Аяз, қар, тұман, көктайғақ: синоптиктер бүгін 14 өңірде ескерту жасады
-
00:05, 12 желтоқсан 2023
Алматыда екі полицей 14 жастағы қызды зорлаған