Туризм министрлігі Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалға байланысты мәлімдеме жасады

© Сурет: pixabay
ҚР Туризм және спорт министрлігі Азаматтық авиация комитеті үндеуін назарға ала отырып, Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты хабарламасына сәйкес, Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан аумағында, әуе кеңістігінде және оған жақын аймақтарда ұшуға толық тыйым салынғанын хабарлаймыз. Бұл шектеу арнайы бұйрық шыққанға дейін күшінде болады. Аталған ведомствоның нұсқауы отандық әуе тасымалдаушылардың барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар, жүк, сондай-ақ техникалық рейстеріне қатысты. Осыған байланысты туристерден жағдайды жіті қадағалап, сапарларын, әсіресе БАӘ мен Парсы шығанағы елдеріне баруды мұқият жоспарлауды сұраймыз".ҚР Туризм және спорт министрлігі
Аталған өңірдегі ахуал өзгерген жағдайда еліміздің авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департаменті қосымша ақпарат ұсынатыны да нақтыланады.
"ҚР Туризм және спорт министрлігі жағдайды жіті бақылауда ұстап, жауапты мемлекеттік органдар, елшіліктер және туроператорлармен тұрақты байланысып отыр. Қажет болған жағдайда министрлік Туристік қамқормен және әуекомпаниялармен бірлесіп туристерді қайтаруды қамтамасыз етеді", делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытында өзгерістер болатындығынан жолаушыларды құлағдар еткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:36, 8 шілде 2025
Денис Полубояринов Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды
-
21:53, 8 шілде 2025
Айым Қанағатова теннистен Нидерландта өткен турнирдің жеңімпазы атанды
-
21:12, 8 шілде 2025
Түркістан облысында жанар-жағармай бекетінен өрт шығып, бір адам күйіп қалды
-
20:52, 8 шілде 2025
Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде қола медальға ие болды
-
20:33, 8 шілде 2025
Шымкентте екі жасар бала алтыншы қабаттан құлап, мерт болды