Түйе жолға шығып кетіп, жол апатынан төрт адам қаза тапты
© Фото: Zakon.kz
Ақтау-Бейнеу республикалық маңызы бар автожолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Екі көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Адам өліміне әкелген жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Оқиғаның мән-жайын Маңғыстау облысының Полиция департаменті мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 2026 жылғы 16 қыркүйекте сағат 20:30 шамасында болған. Жолға шығып кеткен жануардың кесірінен екі шетелдік көлік соқтығысқан.
"Алдын ала мәлімет бойынша, Жетібай ауылынан Шетпе ауылы бағытында келе жатқан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жолда жүрген түйеге соғылған. Соқтығысудан кейін көлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, сол жерде қарсы бағытта келе жатқан тағы бір Toyota Camry көлігімен соқтығысқан", – деп хабарлады Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соққының күші өте қатты болған. Жедел жәрдем келгенге дейін төрт адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Апатқа қатысқан тағы төрт адам түрлі деңгейдегі жарақаттармен шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді.
Адам өліміне әкелген жол апатына байланысты полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Зақымданған екі көлік те арнайы тұраққа қойылып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Тергеу аясында құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ тасжол маңында малды қараусыз жаюға жол берген түйенің иесі іздестірілуде.
Ал Астана тұрғындары бірнеше күн бұрын Сығанақ көшесіндегі қатты кептеліске байланысты автобустардан түсіп, жұмысқа жаяу баруға мәжбүр болды. Кептеліске үш көліктің қатысуымен болған жол апаты себепболған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:46, 18 қыркүйек 2026
Қала күніне байланысты Алматыда автобустардың қозғалыс бағыты өзгереді: жолаушылар нені білуі керек
-
14:38, 18 қыркүйек 2026
2029 жылға қарай Қазақстанда туристер саны 15 миллионға жетеді
-
14:27, 18 қыркүйек 2026
Пиццерия қызметкері келушілердің тағамына әдейі қайызғақ түсірген
-
14:18, 18 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев сегіз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
-
14:09, 18 қыркүйек 2026
Абсолютті рекорд: 2026 жылдың жазы Қазақстан тарихындағы ең ыстық жаз болды





