Полиция «102» нөміріне жалған қоңырау шалу жауапкершілікке әкелетінін ескертеді
© Фото: Zakon.kz
102 — шұғыл көмек нөмірі. Бұл байланыс арнасы тәулік бойы, демалыссыз және үзіліссіз жұмыс істейді. 102 нөмірі арқылы азаматтар құқық бұзушылық, қылмыс, қоғамдық тәртіптің бұзылуы, тұрмыстық жанжал, жол-көлік оқиғасы немесе өзге де қауіп төндіретін жағдайлар туралы жедел хабарлай алады.
Әрбір қоңырау – бұл нақты әрекетке себеп. Диспетчерлер хабарламаны қабылдап, тиісті нарядтарды оқиға орнына жібереді. Полиция қызметкерлері уақытпен санаспай, адам өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жедел әрекет етеді.
Алайда соңғы уақытта жалған шақыртулар мәселесі өзекті болып отыр. Кейбір азаматтар 102 нөміріне ойланбастан, жалған ақпарат беріп жатады.
Бұл — полиция қызметкерлерінің уақытын босқа жұмсауға, арнайы техникалар мен жанар-жағармай шығынына, шынайы қауіп төніп тұрған жағдайларға кешігіп жетуге себеп болуы мүмкін. Сол сәтте бір жерде шынымен көмекке мұқтаж адам болуы әбден мүмкін.
Бір жалған хабарлама — біреудің өміріне төнген нақты қауіпке уақытылы әрекет етпеуге әкелуі ықтимал. Заң алдындағы жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жалған шақырту немесе құқық қорғау органдарына көрінеу жалған ақпарат беру жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай әрекеттер үшін айыппұл қарастырылған.
Егер жалған хабарлама ауыр зардаптарға немесе ірі шығынға алып келсе, кінәлі тұлға қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін. Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды.
Полиция қызметі – әрбір азаматтың қауіпсіздігі үшін жұмыс істейтін маңызды құрылым. Сондықтан "102" нөмірін тек шынайы қауіп немесе жағдайында пайдаланыңыз.
Жалған ақпарат таратудан аулақ болыңыз. Қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтаңыз. Қоғамдық қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік. Әрқайсымыздың саналы әрекетіміз мыңдаған адамның тыныштығына әсер етеді. "102" — әзіл үшін емес, өмірді қорғау үшін!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:01, 3 наурыз 2026
Тоқаев энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады
-
18:00, 3 наурыз 2026
Таяу Шығыстан Қазақстанға алғашқы жолаушылар жеткізілді
-
17:42, 3 наурыз 2026
Алматыда қызылшамен ауырғандардың саны артты
-
17:35, 3 наурыз 2026
Алматы әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды
-
17:30, 3 наурыз 2026
Қазақстандық семсерлесушілер Венгриядағы Гран-при турниріне қатысады





