Трамп Путинмен кездесудің күнін және өтетін орнын атады
© Сурет: flickr/White House
8 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесу күнін және орнын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Трамптың айтуынша, олар 15 тамызда Аляскада кездеседі. Бұл туралы АҚШ президенті өзінің Truth Social атты жеке әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
"АҚШ президенті мен Ресей басшысы Владимир Путин арасындағы көптен күткен кездесу келесі жұмада, 2025 жылғы 15 тамызда, Аляска штатында өтеді. Толығырақ ақпарат кейін жарияланады. Бұл тақырыпқа назар аударғандарыңызға рақмет!", - деді Дональд Трамп.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың сөзінше, Ресей мен АҚШ — жақын көршілер, сондықтан Путин мен Трамптың Аляскада кездесуі қисынды. Аляска мен Арктикада екі елдің экономикалық мүдделері тоғысады, ауқымды жобаларды іске асырудың да перспективалары бар. Оның сөзін Кремльдің Telegram-арнасы келтірді.
"Президенттер сөзсіз Украина дағдарысын ұзақмерзімді бейбіт жолмен реттеу нұсқаларын талқылауға баса назар аударады", - деп атап өтті Ушаков.
Келесі кездесуді Ресей тарапы өз аумағында өткізуді жоспарлап отыр. АҚШ президентіне тиісті шақыру да жолданған.
"Алдағы күндері Мәскеу мен Вашингтон Аляскадағы жоғары деңгейдегі кездесудің практикалық және саяси параметрлерін ең белсенді әрі қарқынды түрде пысықтауға кіріседі. Бұл, шамасы, оңай процесс болмайды, бірақ біз бұл іспен белсенді әрі табанды айналысамыз", - деді Юрий Ушаков.
Сарапшылардың пікірінше, егер кездесу Аляскада өтсе, бұл Путиннің 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясына барғаннан бергі АҚШ жеріне алғашқы сапары және Ресей басшысының Аляскаға тұңғыш рет баруы болмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 8 желтоқсан 2025
-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады
-
22:46, 8 желтоқсан 2025
СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды
-
21:29, 8 желтоқсан 2025
Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді
-
21:19, 8 желтоқсан 2025
«Боран соғып, аяз болады». Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
20:47, 8 желтоқсан 2025
Оңтүстікте тойда өлең айтқан бұрынғы келініне қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты





