Жаз бен күз тартысы: Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күн +32°C-қа дейін ысиды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылғы 22, 23 және 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, жаз әзірге райынан қайтпайды: еліміздің кей өңірлерінде ауа температурасы +32°C-қа дейін көтеріледі. Сонымен қатар найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің болжамында:
"Жаңа аптаның басында Қазақстан аумағынан атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Алайда ауа температурасы осы мезгілге сай жайлы болады", – делінген.
Күндіз ауа температурасы:
- батыста +25…+32°C;
- солтүстік-батыста +20…+31°C;
- солтүстікте және орталық өңірлерде +18…+27°C;
- шығыста +13…+23°C болады.
"Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +25…+32°C-қа дейін көтеріледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы 21 қыркүйекке дауылды ескерту жариялаған еді. Синоптиктер Астана, Алматы және Қазақстанның 15 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:45, 21 қыркүйек 2026
Павлодарда полицейлер 30-дан астам пәтер ұрлығын ашты
-
12:38, 21 қыркүйек 2026
«Барыс» «Локомотивті» ойсырата жеңді
-
12:33, 21 қыркүйек 2026
Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты
-
12:26, 21 қыркүйек 2026
Алматыда үш көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті
-
12:17, 21 қыркүйек 2026
Қазақстанда 2027 жылдан бастап маркетплейс сатушыларының аккаунттарын бұғаттау жоспарланып отыр





