Төтеншеліктер алдағы күндері елорда тұрғындарынан алыс сапарға шықпауды сұрады

18:08, 12 қаңтар 2026

© Сурет: pixabay

Төтеншеліктер Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына жүгініп, бүгін, 2026 жылғы 12 қаңтарда маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған ел астанасында көрініс тапқан қолайсыз ауа райы түрткі екені де нақтыланады.

"Құтқарушылар бүгін және алдағы күндері Астана қаласында қолайсыз ауа райы сақталатынын ескертіп, тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстануға, дауылды ескертулерді қадағалауға және мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпауға кеңес береді. Ауа райының нашарлауы, сондай-ақ қала аумағындағы автожолдардың жабылуы туралы дауылды ескертулер мен хабарламаларды СМС-хабарламалар, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде бақылау ұсынылады". Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, төтеншеліктер тұрғындардан су айдындарындағы мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

"Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар! Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар!", делінген хабарламада.

Сонымен қатар қалалық ТЖД бүгін, 12 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты (қар жауу, жаяу бұрқасын, көріну шектеуі 50 м дейін) республикалық маңызы бар Астана-Ерейментау-Шідерті тас жолының 16-200 шақырымы аралығы, "Астана - Павлодар облысы" тас жолының учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін жабық екенін ескертті.

Бұған дейін синоптиктер 13 қаңтарда Астанада аздап қар жауатыны, тұман, жолдарда көктайғақ болатынын ескерткен. Ауа температурасы түнде және күндіз: -14...-16°С.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!