Бублик Гонконгта өткен турнирдегі жеңісіне пікір білдірді
© Сурет: Instagram/hkto.mens
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгта өткен ATP 250 турнирінің финалындағы жеңісінен кейін өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалда қазақстандық теннисші италиялық Лоренцо Музеттиді 7:6, 6:3 есебімен жеңді.
"Лоренцо, финалда жеңіліп қалудың қандай болатынын мен жақсы білемін – мұндай сәттерді өзім де талай рет бастан өткердім. Сен жақын арада қазір тіпті армандамаған үлкен титулды жеңіп алатыныңа сенімдімін. Саған және бүкіл командаңа зор табыс пен ірі жеңістер тілеймін. Гонконг менің өмірімде әрқашан ерекше орын алады – дәл осы жерде мен әлемнің ең үздік он теннисшісінің қатарына ендім. Бұл титулды өз командам мен отбасыма арнаймын, біз бірге шын мәнінде ұлы жетістікке жеттік. Турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырған ұйымдастырушыларға, болбойларға және осы жарысты керемет еткен барша жандарға үлкен алғыс айтамын. Рақмет саған, Гонконг", – деді Бублик матчтан кейін.
Гонконгтағы турнирдің қорытындысы бойынша Александр Бублик алғаш рет мансабында ATP рейтингінің үздік ондығына кіреді. Бұл – қазақстандық теннисшінің кәсіби жолындағы тоғызыншы титулы және биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі.
Еске салайық, Гонконгтағы турнир барысында Александр Бублик нидерландиялық Ботик ван де Зандсхулпты (75-орын), қытайлық Шан Цзюнчэнді (406-орын) және АҚШ өкілі Маркос Гиронды (64-орын) жеңген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:10, 23 қаңтар 2026
Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында тоғызыншы орынға ие болды
-
22:41, 23 қаңтар 2026
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Төрт құрлық чемпионатында 12-орынды иеленді
-
22:05, 23 қаңтар 2026
Юлия Путинцева алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші айналымында ойнайды
-
17:21, 23 қаңтар 2026
Қазақстан қыздар құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді
-
17:10, 23 қаңтар 2026
Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогының жалпы есебінде екі мәрте үздік бестікке енді





