Астанадағы қарлы боран мен ауа райының нашарлауына байланысты әкімдік маңызды мәлімдеме жасады

09:34, 12 қаңтар 2026

© Сурет: gov.kz

2026 жылғы 12 қаңтарға қараған түні Астанада қалың қар жауды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, қала әкімдігі тұрғындарды сақ болуға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, бір ғана түн ішінде елордадан 18 мың текше метрден астам қар 1 277 жүк көлігінің рейсімен шығарылған.

"12 қаңтар таңынан бастап қар тазалау жұмыстарына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 2 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылуда. Одан кейін қозғалысы орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жұмыстар жүргізіледі", – деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар, тротуарлар мен көшелер техникалық тұзбен өңделіп жатқаны айтылды.

Осыған байланысты әкімдік маңызды үндеу жасады:

"Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша мұқият болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы кезінде алыс сапарлардан бас тартуға шақырады".

Бұған дейін синоптиктер елордадағы ауа райы болжамын жариялаған болатын. Бүгін, 12 қаңтарда, секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел күтіледі. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 0…–2°C шамасында болады. Ал 13 қаңтарда сынап бағанасы –15°C-қа дейін төмендейді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!