Павлодар облысында жеңіл көлік жүк көлігіне соқтығысып, екі адам қаза тапты

19:54, 12 қаңтар 2026

© Сурет: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

"Павлодар–Қызылорда" тас жолының 110-шақырымында, Құлақөл ауылы маңында арақашықтықты сақтамаған Toyota Camry маркалы автокөлігі Shacman тіркемесі бар жүк көлігіне соқтығысты. Бүгін өңірде айналаның көріну деңгейі нашар болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан екі жолаушы қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтау, жылдамдық режимін, арақашықтықты сақтап жүру, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде техникалық жағдайды қадағалау және ауа райының өзгерістерін ескеру маңызды екенін ескертеді.

Бұған дейін елімізде үш күн ішінде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам көлік анықталғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!