Төреғалидың журналистерге арнаған жауап-бейнебаяны жарыққа шықты

10:48, 22 ақпан 2018

Таяуда ғана Төреғали Төреәлі желідегі парақшасында жаңа туындының үзіндісін жариялап, жұртты қызықтырып қойған-ды. Қысқаша бейне-роликте әнші өзі туралы жаңалықтарды теледидардан тамашалап, ақырында өшіріп тастаған еді, деп хабарлайды Stan.kz.

Аталған видеоны көрген бір топ тыңдарман Төреғали фильм түсіріп жатыр деп те болжады. Алайда Төрештің кезекті туындысы толықметражды фильм емес, “Шаруам жоқ” әніне түсірілген бейнебаян болып шықты.

Күні кеше “Той думан” арнасының YouTube-тегі парақшасында жаңа бейнебаян жарияланды.

Алайда желідегілерге халықтан кешірім сұраудың орнына, “Шаруам жоқ” деп көкірегін керген әншінің жаңа туындысы ұнамай қалды. Оны желідегі мына пікірлерден байқауға болады:

Айта кетейік, бұған дейін Төреш желідегі парақшасында аталған әннің мәтінін жариялап, жұртты бір шулатқан еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!