Төреғали Төрәлі тағы сотталатын болды
© Сурет: Instagram/toregalitoreali
Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында әнші Төреғали Төрәлінің ісі қайта қаралып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында Т. Әлихановқа қатысты (Төреғали Төреәлі) ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы, 1-бөлігі, яғни қызметтік міндетін атқарушы билік өкілін қорлау бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр", делінген сот хабарламасында.
Төреғали Төрәлі бүгінгі таңда әлеуметтік желіде белсенді. Әнші Instagram-дағы stories-те киіз үйде отырған сәтінің видеосын жүктеген. Видео сыртында: "Сіз маған сенің енді ешқандай мүмкіндігің жоқ, сенде Құдайға жолдаған дұға-тілектеріңнен басқа түгің де жоқ дегенсің. Мәжін, ал маған одан басқа түктің де керегі жоқ" деген Мұхаммед Әлидің сұқбатынан үзіндінің дауысы естіледі.
Айта кетсек, бұған дейін Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Бірақ әншінің адвокаты оны ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Даулы оқиғадан кейін Төреғали Төреәлі 18 шілдеде бостандыққа шықты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





