Тоқтар Әубәкіров қаңтарда Кремльдің Қазақстанға шабуыл жасау жоспары болғандығын жоққа шығарған да, растаған да жоқ

11:29, 8 маусым 2022

Қазақстан. 8 маусым. 7kun.kz – Осыған дейін қазақстандық кәсіпкер Ұзақбай Айтжанов Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің Ресей қаңтар айында елімізге қарулы басып кіруді жоспарлап отыр дегенін айтқан болатын, деп хабарлайды 7kun.kz.

Тоқтар Әубәкіровтың өзі Exclusive.kz-тің осы мәселе жайында сұрағына әркімнің өз ұстанымына құқығы бар деп жауап берді.

«Біреу маған сілтеме жасап сұхбат берсе, бұл оның құқығы. Кез-келген адам өзі білуінше түсіндіруге құқылы. Барлығы! Сондықтан мен оның көзқарасын жоққа шығармаймын немесе растамаймын», – деді ғарышкер.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!