Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысы өтеді

18:53, 22 маусым 2025

© Сурет: akorda.kz

Ертең, 2025 жылы 23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында жазды.

"Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Жиынға ҚР Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады", делінген жазбада.

Бұған дейін, 2025 жылы 20 маусымда Мемлекет басшысының сот актілерін мәжбүрлеп орындау бойынша ақпарат алмасу туралы келісімді мақұлдағаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!