Тоқаев жұмыс сапарымен Қазан қаласына келіп жетті

19:05, 23 қазан 2024

© Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сапар аясында Қазақстан Президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының жаңадан сайланған Президенті Лыонг Кыонгқа құттықтау жеделхатын жолдағаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!