Тоқаев: Тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз ету керек

11:39, 30 наурыз 2023

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді.

"Экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек. Ол үшін әртараптандыру жұмысын жүйелі жүргізіп, нарық қағидаларын нығайту маңызды. Түпкі мақсатымыз – жоғары технологияға негізделген, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру." Президент

Президенттің сөзінше, біздің еліміздің негізгі өңірлік инвестициялық хаб ретіндегі ұстанымын нығайту қажет. Соңғы бір жылда монополиясыздандыру және шынайы бәсекеге қабілетті орта құру саласында елеулі жұмыстар атқарылды. Дегенмен, біз мұнымен тоқтай алмаймыз.


"Үкіметке экономикалық еркіндікті одан әрі кеңейту және мемлекеттің нарықтық процестерге ықпал ету деңгейін төмендету бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл тәсілдерді жүзеге асыру еліміздің институционалдық жетілуін, оның әртүрлі ішкі және сыртқы күйзелістерге төзімділігін арттырады." Мемлекет басшысы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!