Александр Шевченко «Мастерстің» екінші айналымына шықты

19:40, 3 қазан 2024

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Шанхайдағы (Қытай) "Мастерс" турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шевченко бірінші айналымда үндістандық Рамкумар Раманатанды екі сетте – 6:1, 7:6 (7:3) есебімен ұтты.

Ол екінші айналымда әлемнің 31-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Черундоломен кездеседі.

Іріктеу кезеңі арқылы "Мастерстің" негізгі кезеңіне жолдама алған қазақстандық Бейбіт Жұқаев бірінші айналымда әлемнің 69-ракеткасы, ресейлік Роман Сафиулиннен 6:7 (0:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!