Тоқаев Сингапур Президентінің сарайына келді

09:01, 23 мамыр 2024

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнамның Istana сарайына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

Содан соң Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!