Тоқаев Siemens-пен Qarmet-ті жаңғырту жобасын қолдады
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының Германиядағы ресми сапарының екінші күні Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтпен кездесуден басталды.
Президенттің айтуынша, Siemens – еліміздің аса маңызды серіктесі. Өйткені компания қызметіндегі өнеркәсіпті цифрландыру, электрлендіру, ұтқырлық пен интеллектуалды инфрақұрылым сияқты негізгі бағыттар Қазақстанның жаңғыру басымдықтарына сай келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бернд Ульбрихтке экономиканың нақты секторларындағы цифрлық трансформация бойынша қолға алынған жүйелі шаралар туралы айтты. Осы орайда, Мемлекет басшысы Siemens пен қазақстандық Silk Road Electronics компанияларының Qarmet металлургия комбинаты құрал-жабдықтарын жаңғырту жөніндегі бірлескен жобасына қолдау білдірді.
Президент Қазақстанның озық құрал-жабдықтарды сатып алуға ғана емес, өндірістік, инженерлік және сервистік орталықтарды құруға да қызығушылық танытатынын мәлімдеді.
Атап айтқанда, Siemens компаниясының құзыреттері мен технологиялық инновациялары еліміздің энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғыртуда, сондай-ақ қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жасау сапасын арттыруда пайдалы болар еді.
Кездесуде Siemens Healthineers компаниясымен медициналық технология саласындағы ықпалдастықты кеңейтудің әлеуеті мол екеніне назар аударылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:24, 30 қыркүйек 2026
Шахтадағы адам өліміне қатысты іс: заңсыз алтын өндіруші жалған жауап бергені үшін сотталды
-
18:18, 30 қыркүйек 2026
Балуан Мейіржан Шермаханбет Азиада-2026-ның қола жүлдегері атанды
-
18:04, 30 қыркүйек 2026
«Атыраулық хакер» ісі сотқа жолданды – ІІМ
-
17:53, 30 қыркүйек 2026
Қазақстан Германияның алпауыт компаниясымен мыс өңдеуді талқылады
-
17:41, 30 қыркүйек 2026
Тоқаев Қазақстанға $500 млн инвестиция салуды жоспарлаған Linde компаниясының басшысын қабылдады





