Тоқаев: Шағын және орта бизнесті дамыту – менің ерекше бақылауымда
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау мен дамыту мемлекет саясатының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Бұл туралы ол кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдерімен өткен кездесуде айтты.
Мемлекет басшысы ШОБ-ты дамытуға барлық жағдай жасалып жатқанын, алайда шешімін күтетін мәселелердің әлі де бар екенін жасырмады.
"Мен Мемлекет басшысы ретінде шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша мән беріп отырмын. Негізгі мәселенің бәрі жеке бақылауымда. Үкімет кәсіпкерлікті жандандыру үшін ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Бірақ шешімін таппаған өзекті түйткілдер аз емес, оны біз ашық мойындаймыз", – деді Президент.
Тоқаевтың айтуынша, ең алдымен қосылған құны жоғары өнім өндіретін шағын бизнесті қолдау күшейтілуі қажет. Мемлекет тарапынан берілетін қолдау кәсіпкерлердің ісін кеңейтіп, жаңа деңгейге шығуына серпін беруі тиіс.
Мемлекет басшысы экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін де атап өтті – инфляцияны тұрақтандыру, экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың нақты табысын арттыру. Осы мақсатта Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігі 2026–2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын қабылдаған.
"Кәсіпкерлер үшін салық, тариф және реттеу саясатының айқын әрі әділетті болғаны аса маңызды. Жаңа Салық кодексі мемлекет пен бизнес арасындағы ынтымақтастық моделін жаңғыртады. Мемлекет қолайлы іскерлік орта қалыптастырса, бизнес салықтан жалтармайды. Бұл – өркениетті елдердің бәріне тән қағида", – деді Президент.
Тоқаев барлық салалық органдар мен әкімдіктерді қабылданған бағдарламаны тиімді іске асыруға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:55, 5 желтоқсан 2025
Жеке клиникада МӘМС бойынша медициналық қызметтерді қалай алуға болады
-
14:49, 5 желтоқсан 2025
Астанада шағын автобус пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапты
-
14:38, 5 желтоқсан 2025
Қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау ережесі бекітілді
-
14:23, 5 желтоқсан 2025
Президент: Үкіметтің алдында сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету міндеті тұр
-
14:20, 5 желтоқсан 2025
Президент: Бизнестің мүддесі мен құқығын қорғау мәселесі – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет





