Тоқаев Сербия премьер-министрімен кездесті
© Сурет: akorda.kz
Белградқа ресми сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Республикасының премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметі мәліметінше, әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Президент Александр Вучичпен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтті.
"Сербиямен берік достыққа және өзара түсіністікке негізделген ұзақ жылғы серіктестігіміз бен көпжақты байланысымызды жоғары бағалаймыз. Бүгін ғарыш, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, қорғаныс өнеркәсібі, білім, туризм салаларында үкіметаралық және ведомствоаралық бірқатар маңызды келісімге қол қойылды. Түрлі деңгейдегі тұрақты саяси диалог пен экономикалық өзара ықпалдастық біздің түпкі мүддемізге сай келеді", – деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сербия үкіметтерін қол жеткізген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру үшін бірлесе әрекет етуге шақырды. Атап айтқанда, екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа тың серпін беретін ірі жобаларды нақтылау қажет екенін айтты.
Бұл орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес жұмысына зор үміт артатынын жеткізді.
Мемлекет басшысы елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын Сербия бизнесмендеріне Қазақстан Үкіметі толығымен қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Өз кезегінде Милош Вучевич Белградтың Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды мұқият зерделеп, сондай-ақ бірқатар перспективті бағыт бойынша байланысты нығайту мүмкіндігін қарастырып жатқанына тоқталды.
Сербия премьер-министрі өз елінің Қазақстанмен тауар айналымын ұлғайтуға, сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы екіжақты ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін растады.
Милош Вучевич "жасыл" технология, қуат көздерін алмастыруға қатысты мәселелерді қозғап, осы бағытта тәжірибе бөлісуге шақырды. Сонымен қатар екі елде бір-бірінің мәдени күндерін ұйымдастыруды және бизнес-форумдарды тұрақты түрде өткізуді ұсынды.
Бұған дейін 2024 жылы 19 қарашада жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін Қазақстан мен Сербия президенттері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап брифинг өткізгені белгілі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:05, 19 қараша 2024
Тоқаев Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің көрмесіне барды
-
20:08, 19 қараша 2024
Қостанай облысының тұрғыны жұрттың көзінше көшеде итті бауыздамақ болған
-
20:00, 19 қараша 2024
Қазақстан мұнайы қандай мемлекеттерге экспортталады
-
19:33, 19 қараша 2024
Оралда алаяқтар WhatsApp арқылы қала әкімінің атынан тапсырма берген
-
19:21, 19 қараша 2024
Ақтауда ваннаға шомылдыру кезінде бір жасар бала көз жұмды