Қазақстан мұнайы қандай мемлекеттерге экспортталады
© Сурет: Facebook/cpcpipe
ҚР Энергетика министрлігі, бүгін 19 қарашада еліміздің мұнай тасымалы бойынша 2024 жылдың 10 айының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство Қазақстан мұнайының Италия, Нидерланды, Қытай, Корея Республикасы, Румыния, Франция, Греция, Түркия, Сингапур, Германия және тағы басқа елдерге экспортталатынын нақтылайды.
"2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 57,8 млн тоннаны құрады. Тасымалданатын мұнайдың 26%-дан астамы немесе 15,1 млн тонна отандық МӨЗ-ге жеткізілді". ҚР Энергетика министрлігі
Сондай-ақ Энергетика министрлігі мұнай тасымалы бойынша басты көрсеткіштерді атады:
- Каспий құбыр консорциумының құбыры арқылы шамамен 46,3 млн тонна мұнай тасымалданды.
- "Атырау-Самара" учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі шамамен 7,2 млн тоннаны құрады.
- 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Германияға 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай жіберілді.
10 айдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан 3,1 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды, оның ішінде:
- Махачкала портының бағыты бойынша 1,6 млн тонна;
- "Баку – Тбилиси – Жейхан" мұнай құбыры бағытында 1,2 млн тонна жөнелтілді.
"Атасу – Алашаңқай" мұнай құбырының бағыты бойынша 1 млн тоннадан астам мұнай тасымалдау жүзеге асырылды.
Сондай-ақ 10 айдың қорытындысы бойынша ҚР аумағы арқылы мұнай транзиті 8,4 млн.тоннаны құрады, оның ішінде:
- Ресей Федерациясы – Қытай Халық Республикасы бағыты бойынша 8,2 млн тонна,
- Ресей Федерациясы-Өзбекстан Республикасы 217 тонна мұнай.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:37, 19 қараша 2024
«Қар, көктайғақ, боран». Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:05, 19 қараша 2024
Тоқаев Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің көрмесіне барды
-
20:08, 19 қараша 2024
Қостанай облысының тұрғыны жұрттың көзінше көшеде итті бауыздамақ болған
-
19:37, 19 қараша 2024
Тоқаев Сербия премьер-министрімен кездесті
-
19:33, 19 қараша 2024
Оралда алаяқтар WhatsApp арқылы қала әкімінің атынан тапсырма берген