Тоқаев Румыния Президенті Клаус Йоханниспен келіссөз жүргізді

© Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Румыния – Қазақстанның Шығыс Еуропадағы жетекші сауда серіктесі. Бүгінде екіжақты сауда-саттық көлемі 20 пайызға артып, 1,3 миллиард долларға жетті.
"Біз Румынияны достас мемлекет ретінде қарастырамыз. Сіздің елдің тарихына, жүргізіп отырған саясатыңызға және халқыңыздың дәстүріне құрметпен қараймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық қарым-қатынастарға тың серпін беру үшін Үкіметаралық комиссияның, Қазақстан және Румыния Іскерлік кеңесінің жұмысын жандандыру керек екенін айтты.
Клаус Йоханнис Қазақстан мен Румыния арасындағы екі жақты ынтымақтасты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.
"Мен және менің командам бүгін сіздермен осы жерде кездескеніміз үшін қуаныштымыз. Өйткені біз сенімді экономикалық және саяси серіктес елдерміз. Осы кездесу алдында мемлекеттеріміздің өзара қарым-қатынасының тарихымен таныстым. Сізбен саяси диалогты жоғары деңгейде нығайтуға зор мүмкіндік бар деп ойлаймын", - деді Румыния Президенті.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде, сондай-ақ БҰҰ және ЕҚЫҰ аясындағы өзара ықпалдастық жайында пікір алмасты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Клаус Йоханнисті Астана халықаралық форумына негізгі қонақтардың бірі ретінде қатысуға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:53, 1 қазан 2023
Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турнирінің фаворитін жеңіп, екінші айналымға шықты
-
15:15, 1 қазан 2023
Сағындық Тоғамбай бокстан Қазақстан қоржынына алғашқы медальды салды
-
15:11, 1 қазан 2023
Ақтөбелік полицейлер сәбиін шайханаға тастап кеткен келіншекті тапты
-
14:30, 1 қазан 2023
Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан тағы бір қола медальға ие болды
-
13:30, 1 қазан 2023
Теракт жасауға әрекеттену: Анкарада Түркия ІІМ ғимараты маңында жарылыс болды