Тоқаев партиялар арасындағы саяси бәсекенің деңгейіне оң баға берді

13:47, 23 тамыз 2026
MKZ: 1562853

© Фото: zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партиялар арасындағы саяси бәсекенің деңгейіне оң баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Еуразия бірінші" телеарнасының тілшісі Қырмызы Жандос сайлау науқанын жіті бақылағанын айтып, партиялар арасындағы саяси бәсекенің деңгейіне баға беруді сұрады.

Тоқаевтың айтуынша, саяси науқан мазмұнды әрі нәтижелі өткен.

"Мен бұл мәселеге оң баға берсем, қателеспеймін. Меніңше, саяси науқан жақсы өтті. Өте ұтымды, мазмұнды теледебаттар болды. Жастарымыз пікірталастарды зор ықыласпен тамашалады. Оған бәріміз де куә болдық. Бұл жаңғыруымыздың жаңа кезеңі әрі қарышты қадам болды деп айта аламын", – деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауынан кейін Үкіметтің отставкаға кететінін және Министрлер кабинеті құрамында бірқатар өзгеріс болатынын айтқан едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!