Сайлаушылардың 53,12%-ы дауыс берді: ОСК жаңа деректі жариялады

14:16, 23 тамыз 2026
MKZ: 1562866

© Фото: Zakon.kz

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысқан сайлаушылардың 53,12 пайызы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОСК дерегіне сәйкес, осы уақытқа дейін 6 696 002 азамат бюллетень алған.

Өңірлер бойынша дауыс беру белсенділігі төмендегідей:

  • Астана – 40,92%;
  • Абай облысы – 63,07%;
  • Ақмола облысы – 61,15%;
  • Ақтөбе облысы – 60,87%;
  • Алматы облысы – 54,57%;
  • Атырау облысы – 54,49%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 50,21%;
  • Жамбыл облысы – 50,58%;
  • Жетісу облысы – 62,89%;
  • Қарағанды облысы – 62,79%;
  • Қостанай облысы – 55,86%;
  • Қызылорда облысы – 64,22%;
  • Маңғыстау облысы – 50,65%;
  • Павлодар облысы – 54,01%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 58,63%;
  • Түркістан облысы – 57,72%;
  • Ұлытау облысы – 53,31%;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 61,10%;
  • Алматы – 30,36%;
  • Шымкент – 55,32%.

Ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелді – 64,22%. Ал ең төмен дауыс беру белсенділігі Алматы қаласында – 30,36%.

Сонымен қатар азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі мәлімет сағат 16:00-де жарияланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!