Тоқаев Орталық Азия елдері арасында жасанды интеллект бойынша серіктестік құруды ұсынды
© Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері арасында жасанды интеллект саласындағы серіктестік құруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектінің біртұтас экожүйесін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Қазақстан жасанды интеллектінің біртұтас экожүйесін дәйекті түрде құра бастады. "Жасанды интеллект туралы" заң қабылданды. Digital Qazaqstan стратегиясы жүзеге асырылуда. Суперкомпьютер кластері іске қосылды. Alem.ai халықаралық орталығы жұмыс істеп тұр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент жасанды интеллект тақырыбының өзектілігін ескере отырып, осы салада Орталық Азия серіктестігін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Оның айтуынша, мұндай серіктестік аясында мемлекеттердің ғылыми орталықтары, университеттері мен технологиялық компаниялары ақпарат және тәжірибе алмаса алады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев нейрожелілерді қауіпсіз пайдаланудың маңызын атап өтті.
"Меніңше, аса маңызды технологияларды бақылаудың бірлескен тәсілдерін әзірлеуге уақыт оздырмай кірісу керек. Осыны ескере отырып, Қазақстан Орталық Азия елдері мен Әзербайжанға жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану туралы декларация әзірлеуді ұсынды", – деді Президент.
Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамытуға қатысты қауіп-қатерлер халықаралық деңгейде белсенді талқыланып жатқанын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:25, 8 қазан 2026
Мүгедектігі бар адамдарды компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі өзгерді
-
15:20, 8 қазан 2026
Ер адам шекарадан іш киіміне 10 тірі құс тығып өткізбек болған
-
15:11, 8 қазан 2026
«Этиологиясы анықталмаған пневмония»: ДДСҰ Иркутск облысындағы жағдайға қатысты жаңа мәлімдеме жасады
-
15:06, 8 қазан 2026
Әлімханұлы желтоқсанда WBO титулы үшін жұдырықтасады: жекпе-жек туралы мәліметтер белгілі болды
-
15:00, 8 қазан 2026
Қоңыр күздің жылы күндері: Қазақстанда қай қалада ауа температурасы +26°С-қа жетеді





