Тоқаев Нұрлан Әбдіровті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы етіп тағайындады
© Сурет: election.gov.kz
Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылғы 25 қаңтардан бері атқарып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 18 қыркүйекте қол қойды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Нұрлан Әбдіров 1961 жылғы 12 қаңтарда дүниеге келген.
КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасын (Мәскеу қаласы), сондай-ақ Дж. Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығында басшылық құрамға арналған төрт айлық курсты (Германия) бітірген.
Заңгер-құқықтанушы. Заң ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолы:
1982 жылғы қыркүйек – 1997 жылғы маусым – КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде оқытушылық қызмет атқарды.
1997 жылғы маусым – 2000 жылғы мамыр – Қазақстан Республикасының Есірткіге бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы болды.
2000 жылғы мамыр – 2002 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2002 жылғы қыркүйек – 2005 жылғы маусым – мемлекеттік инспектор, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.
2005 жылғы маусым – 2009 жылғы қыркүйек – Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.
2009 жылғы қыркүйек – 2020 жылғы тамыз – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдарының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болды.
2020 жылғы тамыз – 2020 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.
2020 жылғы қыркүйек – 2022 жылғы қаңтар – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы №784 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:18, 18 қыркүйек 2026
Ақмола облысында жолаушылар пойызы мал үйірін қағып кетті
-
11:06, 18 қыркүйек 2026
Көлігін жаңа саяжайға айырбастамақ болған қазақстандық сотталды
-
10:54, 18 қыркүйек 2026
25 қыркүйекте Қазақстан мен Қытай шекарасы автокөліктер мен жүк тасымалы үшін жабылады
-
10:32, 18 қыркүйек 2026
Денсаулық сақтау министрлігі созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгертеді
-
10:21, 18 қыркүйек 2026
Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата төрағасы болып тағайындалды





