Тоқаев мемлекеттік тілді меңгергісі келетін адамдарға барынша жағдай жасау азаматтық парызымыз екенін айтты
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгергісі келетін азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау қажеттігін айтты. Сондай-ақ қазақ тілін жылдам әрі оңай үйрететін цифрлық оқу құралдарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ тілі – ұлт бірлігінің мызғымас тұғыры. Осы орайда ол мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің еңбегін ерекше атап өтті.
Президент олардың арасында қазақ тілін үйрететін білікті мамандар мен әлеуметтік желі арқылы мемлекеттік тілді дәріптеп жүрген азаматтар бар екенін жеткізді.
"Мұндай адамдар тіліміздің дамуына үн қосып, оның жарқын келешегін нақты іспен жасап жатыр. Солардың еңбегін біз сыйластықпен, ризашылықпен қабылдауымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы соңғы жылдары қазақ тілін үйренуге ниетті адамдардың қатары артып келе жатқанын атап өтті. Сондықтан бұл бағытта озық әдістемелерді енгізіп, заманауи цифрлық оқу құралдарын әзірлеу маңызды.
"Қазақ тілін білетін адам қазақ халқын, жалпы Қазақстанды танып-біледі. Тілді меңгерген әрбір азамат еліміздің тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінеді", – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Президент аталған жұмысқа тіл мамандары мен ақпараттық технология саласының өкілдерін жұмылдыруды ұсынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:46, 10 қараша 2026
Мемлекет басшысы «Дала орманы» жобасын қолдады
-
12:44, 10 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – мазмұны кең, мән-мағынасы терең нағыз халықтық жоба
-
12:40, 10 қараша 2026
Тұтас қоғамның игілігі үшін іске асатын тарихи құрылыс – Президент «Халықтық құрылыс» науқанының маңызын атады
-
12:37, 10 қараша 2026
Тоқаев: қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес
-
12:33, 10 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамын қолдауға шақырды





