Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамын қолдауға шақырды
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында ұйымның қызметі халық мүддесіне сай екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы қоғам құрамында үш жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Qazaq Tili Endowment Qory туралы да сөз қозғады.
"„Қазақ тілі" қоғамы осы жұмыстың алғы шебінде тұрған іргелі ұйым. Бәріміз бұл Ұйымды қолдауымыз керек. Қоғам құрамында үш жылдан бері Qazaq Tili Endowment Qory жұмыс істеп тұр. Мен өзім де бұл маңызды бастамаға қолдау көрсеттім", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент азаматтардың бұл іске үлес қосып жатқанын атап өтіп, кәсіпкерлер де қоғамға қаржылай қолдау көрсететініне сенім білдірді.
"Ел азаматтары да осы игі іске өз үлесін қосуда. Кәсіпкерлеріміз де өз ынтасын көрсетіп, „Қазақ тілі" қоғамына белсенді түрде қаржылай жәрдем беретініне күмәнім жоқ. Тіл – халық қазынасы. Сондықтан Ұйымның бұл қызметін шын мәнінде халықтық мүддені көздеген іс деп айтуға толық негіз бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:40, 10 қараша 2026
Тұтас қоғамның игілігі үшін іске асатын тарихи құрылыс – Президент «Халықтық құрылыс» науқанының маңызын атады
-
12:37, 10 қараша 2026
Тоқаев: қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес
-
12:27, 10 қараша 2026
Тоқаев: Орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді
-
12:27, 10 қараша 2026
Президент қазақ тілі орфографиясын ретке келтіру жұмысын келесі жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды
-
12:27, 10 қараша 2026
Тоқаев қазақ тілінің шет тілдерімен байланысын кеңейтуді тапсырды





