«Халықтық құрылыс» – мазмұны кең, мән-мағынасы терең нағыз халықтық жоба
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында "Халықтық құрылыс" бағдарламасына алдағы үш жылда Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаражаттың жұмсалуын арнайы комиссия қадағалайды. Мемлекет басшысы қазір комиссияның құрамын қарап жатқанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев келешек ұрпаққа халық игілігіне қызмет ететін әлеуметтік нысандар қалдырудың маңызын атап өтті.
"Бірақ ең маңызды мәселе – біз келешек ұрпақтарға тұжырымдамалар мен жоспарлар, шетелдегі құнды қағаздарда сақталған, уақыт өткен сайын арзандап бара жатқан қаржыны емес, халыққа қызмет ететін нақты әлеуметтік нысандарды аманат ретінде қалдыруымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент "Құрылыс және тағы да құрылыс" деген сөзді жалпыұлттық ұранға айналдыру қажет деп санайды.
"Құрылыспен айналысу – жасампаздыққа, жаңашылдыққа ұмтылу. Сондықтан „Құрылыс және тағы да құрылыс" деген бір ауыз сөз жаңғыру жолына түскен Қазақстанның мызғымас қағидаты, жалпыұлттық ұраны болуға тиіс. „Халықтық құрылыс" жұртымызды бір мақсат пен мүддеге біріктіреді, елімізді нағыз өрлеу мен өркендеу жолына бастайды", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарламаға бөлінетін қаражатты қадағалайтын комиссия мүшелеріне қойылатын талапты да айтты.
"Осыған орай, алдағы үш жылдың ішінде Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді. Арнайы комиссия бұл ауқымды қаражаттың үнемді, жымқырусыз жұмсалуын мұқият бақылауда ұстайды. Қазір бұл Комиссияның құрамын қарап жатырмын. Ең басты талап – мүшелер айқай-шусыз, даңғаза жасамай, өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде, тиімді атқаруы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:46, 10 қараша 2026
Мемлекет басшысы «Дала орманы» жобасын қолдады
-
12:46, 10 қараша 2026
Тоқаев мемлекеттік тілді меңгергісі келетін адамдарға барынша жағдай жасау азаматтық парызымыз екенін айтты
-
12:40, 10 қараша 2026
Тұтас қоғамның игілігі үшін іске асатын тарихи құрылыс – Президент «Халықтық құрылыс» науқанының маңызын атады
-
12:37, 10 қараша 2026
Тоқаев: қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес
-
12:33, 10 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамын қолдауға шақырды





