Тоқаев мемлекеттік органдар мен квазисектор субъектілерінде жаңа цифрлық жобаларға мораторий енгізді
© Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 9 желтоқсанда "Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech "электрондық үкіметі" ақпараттық-коммуникациялық платформасынан тыс құруға мораторий енгізіледі.
Үкіметке мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech платформасында әзірлеу мүмкін болмаған кезде әрбір нақты жағдайды Президент жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару тапсырылды.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 10 желтоқсан 2025
Қазақстандық маман үстел теннисінен 2026 жылғы Азия ойындарында төрелік етеді
-
16:50, 10 желтоқсан 2025
Алматыда полиция айыппұл төлеуден жалтарған көлік иелерін анықтады
-
16:39, 10 желтоқсан 2025
Қазақстан қауіпсіз ауыз суға қол жеткізуді жақсарту жөніндегі хаттаманы ратификациялады
-
16:27, 10 желтоқсан 2025
Қарлы боран мен көктайғақ: 11-13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
-
16:18, 10 желтоқсан 2025
Импорттаушылар жеміс-жидек үшін фитосанитарлық қызмет талаптарының жоғарылағанына наразы - депутат





