Қазақстандық маман үстел теннисінен 2026 жылғы Азия ойындарында төрелік етеді

16:57, 10 желтоқсан 2025

© Сурет: ҚР ҰОК

Үстел теннисінен қазақстандық төреші, ең жоғары халықаралық санаттағы маман Тимур Ходжаев 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарында төрелік етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰОК мәліметіне сүйенсек, жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді.

"Үстел теннисінен төрешілер құрамына халықаралық санаттағы Blue Badge төрешісі Тимур Ходжаев енгізілді",- делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық төреші Азия чемпионаты мен басқа да ірі халықаралық жарыстарда қызмет атқарған.

Бұған дейін алматылық "Қайрат" өз алаңында "Олимпиакосқа" есе жібергенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!