Оралда жол ережесін 44 рет бұзған жүргізуші ұсталды

17:22, 9 желтоқсан 2025

© Сурет: polisia.kz

Оралда патрульдік полиция батальоны республикалық "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қорғау" жүйесі арқылы тексеру барысында басқа мемлекетте тіркелген Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылып, оны шетел азаматы басқарғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін 44 рет бұзғанын анықтады.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!