Атырауда автобус жүргізушісі 6 жастағы баланы қағып өлтірді
© Сурет: Zakon.kz
Атырауда автобус жүргізушісі 6 жасар баланы қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 8 желтоқсан күні таңертең "Байтақ-2" шағын ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бала автобус аялдамасы маңында жолдан өтіп бара жатқан кезде қоғамдық көлік оны қағып кеткен.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус рөлінде 58 жастағы жүргізуші отырған.
"Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталды, қылмыстық іс тіркелді және сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:40, 9 желтоқсан 2025
“Қайрат” “Олимпиакосқа” есе жіберді
-
23:05, 9 желтоқсан 2025
БҚО-да бәліш арқылы тергеу изоляторына тыйым салынған зат өткізбек болған күдікті ұсталды
-
22:45, 9 желтоқсан 2025
Қар, көктайғақ және жел: 10 желтоқсанда қай өңірлерде ескерту жасалды
-
22:05, 9 желтоқсан 2025
Шымкентте «Қара шаңырақ» қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті
-
21:28, 9 желтоқсан 2025
Жұлдыз Әбдукәрімованың кенже інісі үйленді





