Таразда қатарласын электронды темекі үшін өлтірген мектеп оқушысы сотталды
© Фото: zakon.kz
Таразда басқа бір оқушыны өлтірген кәмелетке толмаған жасөспірімге сот үкімі шығып, ол бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылық ниетпен адам өлтірді деп айыпталған кәмелетке толмаған Н.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 9) тармағы).
Соттың анықтағаны
2025 жылғы қыркүйекте кәмелетке толмаған сотталушы Н. мен жәбірленуші К. арасында. электрондық темекі үшін жанжал туындады. Жанжал барысында Н. елеусіз сылтау қолданып, бұзақылық ниетпен К.-ның кеудесінің сол жағына бір рет пышақпен соққы жасап, қылмыс орнынан қашып кеткен. Нәтижесінде К. оқиға орнында қайтыс болды.
Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, куәлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Тараптардың позициясы
Прокурор кәмелетке толмаған Н.-ға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші тарап (анасы) сотталушыны кешірмей, соттан заң шеңберінде жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы Н.-ның өзі кінәсін толық мойындады.
Сот үкімі
ҚК 99-бабы 2-бөлігінің санкциясы мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
ҚК-нің 81-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру – 10 жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтiргенi үшiн 12 жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы мүмкiн.
ҚК-тің 55-бабына сәйкес, жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін тиiстi бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің төрттен үшiнен асыруға болмайды (12 жылдың ¾ бөлігі = 9 жыл).
Сот кінәлі адамның кәмелетке толмауын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен Н. ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 9) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот материалдық шығын өтемі ретінде сотталушының заңды өкілінен 8 млн теңге өндірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:28, 9 желтоқсан 2025
Жұлдыз Әбдукәрімованың кенже інісі үйленді
-
21:01, 9 желтоқсан 2025
Астанада –30°С аяз: дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді
-
20:15, 9 желтоқсан 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчы: бастапқы құрам қандай
-
20:08, 9 желтоқсан 2025
Түркістан облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
-
19:59, 9 желтоқсан 2025
Көлік полицейлері мас жолаушыны пойыздан түсіріп, 5 тәулікке қамауға алды





