Тоқаев Ластаевқа азаматтардың құқығын тиімді қорғауды қамтамасыз етуді тапсырды

© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің биылғы 5 айда атқарған жұмысының қорытындысын, соның ішінде азаматтардың құқығын қайта қалпына келтіруге жәрдемдесу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың ресми сайтының жазуынша, омбудсмен кеңсесі мен оның өңірлердегі өкілдіктері осы уақыт аралығында азаматтардың 2 318 өтінішін қараған.
"Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету маңызды екенін айтты", – делінген хабарламада.

Сурет: akorda.kz
Артур Ластаевтың айтуынша, жергілікті жердегі жұмысты күшейту үшін Ұлттық превентивті механизм мүшелерінің құрамы жаңарды.
"Адам құқықтары жөніндегі уәкіл балаларға арналған мекемелердегі қатыгездік әрекеттердің алдын алу мәселесін ерекше назарда ұстайды. Атап айтқанда, Уәкіл осындай мекемелерге 213 рет барып, 800-ден астам ұсыным жасаған".Ақорданың баспасөз қызметі
Омбудсменнің бастамасымен азаптау фактілеріне қатысты тергеу амалдары жүргізіледі. Құқық қорғау органдарына бірқатар арнайы ұсыным берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:30, 1 қазан 2023
Теракт жасауға әрекеттену: Анкарада Түркия ІІМ ғимараты маңында жарылыс болды
-
13:10, 1 қазан 2023
Азиада-2022: Қазақстан балуаны Бекәділ Шаймерденов күміс медаль иеленді
-
12:58, 1 қазан 2023
Таулы Қарабаққа БҰҰ миссиясы келіп жетті
-
12:37, 1 қазан 2023
Сауль Альварес бокстан әлемнің абсолютті чемпионы атағын кезекті рет қорғап қалды
-
12:04, 1 қазан 2023
Атырау мұнай өңдеу зауыты отын өндірісін уақытша тоқтатты