Тоқаев қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан, сондай-ақ ерекше көзге түскен полицейлерді марапаттады

© Сурет: zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 23 маусымда қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан, сондай-ақ ерекше көзге түскен полицейлерді марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Суға батып бара жатқан адамды құтқарамын деп қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан Атырау қаласының жол-патруль полициясы батальонының қызметкері Шалқар Ақымғалиев III дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.
"Ержүрек ұлды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген Шалқардың анасы Ләззат Мұқановаға Алғыс жарияланды", деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулиннің жұбайы Анель Забикулинаға Алғыс жарияланды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде ерлік жасап, соның салдарынан өз бетімен қозғалу мүмкіндігінен айрылған Алматы қаласы Полиция департаментінің Жол полициясы батальоны командирінің орынбасары Әнуар Байтұрсыновқа демеу болып, адалдық, табандылық танытқан жары Гүлжан Байтұрсыноваға Алғыс жарияланды.
Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді атсалысып, көпке үлгі көрсеткені үшін Ақмола облысы Атбасар ауданы Шуйское ауылының ақсақалы Еркебай Байжігітовке Алғыс жарияланды.
2022 жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ ауылының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Есенгелді Текебаевқа қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін Алғыс жарияланды.
Жамбыл облысындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп келе жатқан полициядағы құрметті әулеттердің бірі – Зайнулиндер отбасына абыройлы қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Алғыс жарияланды.
Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 63 жыл.
2013 жылдан бері 500-ден аса күрделі істі ашқан Алматы қаласы Полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция майоры Жанна Шешмухановаға кәсібилігі мен адалдығы үшін Алғыс жарияланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:57, 14 шілде 2025
Қазақстандықтар Конституция күніне орай қалай демалатыны белгілі болды
-
10:40, 14 шілде 2025
Қытай және Өзбекстан шекараларында жаңа кеден бекеттері ашылды
-
10:27, 14 шілде 2025
Атырауда 90 жастағы қарияның 6 миллион теңгесін иемденген алаяқ ұсталды
-
10:13, 14 шілде 2025
Қазақстанда азаматтық алу үшін мемлекеттік тіл мен Конституцияны білуге қойылатын талаптар өзгереді
-
10:00, 14 шілде 2025
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады