Тоқаев Қазақстанда бизнес жүргізуге қолайлы жағдай әлі күнге толық қалыптаспағанын баса айтты
© Фото: pexels
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында "Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы" Жарлықты орындау мәселесіне арнайы тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің пікірінше, бұл жұмыс іс жүзінде емес, қағаз жүзінде ғана орындалып жатыр деуге болады.
"Құзырлы органдар құжатта көрсетілген тапсырмаларға атүсті қарайды. Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауды емес, құр есеп беруді ойлайды. Соның салдарынан Жарлықта айқындалған басты міндеттер толығымен орындалған жоқ. Мысал ретінде мемлекеттік активтерді жекешелендіру үдерісін алып қарайық. Үкімет жеке меншікке өтуге тиіс 473 кәсіпорынның тізімін былтыр қазан айында бекітті. Бірақ активтерді саудаға шығармақ түгілі оны сатуға дайындық шараларының өзі әлі басталған жоқ". Мемлекет басшысы
Бұл ретте, "Мемлекеттік мүлік туралы" жаңа заң да қабылданбағанын атап өтті.
"Қандай кедергі пайда болды? Мемлекеттік органдар неліктен өз активтерінен айырылғысы келмейді?" деген сұрақтар болуы мүмкін. Нақты себептер бар шығар, бірақ олар туралы бейхабармын. Себебі бұл активтер мемлекет бюджеті есебінен қамтамасыз етіледі, яғни, оған қазынадан қомақты қаражат жұмсалып жатыр. Бұл жағдай жеке кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп, бәсекелестікті тежейтінін ұмытпауымыз қажет. Үкімет Жарлықты орындауға қатысты ұстанымдарды бір айдың ішінде қайта қарауға тиіс. Басты мақсат – бизнеске шын мәнінде қолайлы жағдай жасайтын нақты шаралар қабылдау".Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын Smart City қағидатында дамыту жайлы айтып берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:24, 10 ақпан 2026
Қырғызстанда Қазақстан азаматы ұсталды: арнайы қызмет мән-жайды мәлімдеді
-
15:13, 10 ақпан 2026
Мәдиев Қазақстанның IT-нарығы жедел даму үстінде екенін айтты
-
15:03, 10 ақпан 2026
«Кім жасады – сол төлесін»: Тоқаев мемлекеттік жүйелерді көшіру мәселесінде Мәдиевтен түсініктеме талап етті
-
14:56, 10 ақпан 2026
Жамбыл облысында «күлдіретін газды» жарнамалаған 65 сайт бұғатталды
-
14:50, 10 ақпан 2026
Оралда жасанды интеллект арқылы іздеуде жүрген азамат ұсталды





