Тоқаев ЕАЭО шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу туралы заңға қол қойды

© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақ аясында кредит тарихы туралы ақпаратпен трансшекаралық алмасуға жағдай жасайды.
Келісім Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 1 қазандағы шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Келісімнің мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихы туралы ақпаратпен трансшекаралық алмасу үшін жағдай жасау. Келісім 2021 жылдың 21 желтоқсанында жасалған. Құжат несиелік есептерді трансшекаралық алмасу тәртібін және берілетін мәлімет тізбесін анықтайды. Мұндай ақпаратқа несиелік есеп беру туралы сұрау салу, несиелік тарих субъектісінің келісімі, несиелік есептің өзі, сондай-ақ кредит тарихындағы даулауға байланысты құжаттар жатады.
Келісім Армения, Беларусь және Қырғызстанда ратификацияланған. Ресей Федерациясында ұлттық заңнаманың нормаларына сүйене отырып, Келісімді ратификациялау талап етілмейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:55, 3 қазан 2023
Ақмола облысында ата-анасы қан құйғызудан бас тартқан баласынан айырылды
-
01:55, 3 қазан 2023
Ақмола облысында ата-анасы қан құйғызудан бас тартқан бөбек қайтыс болды
-
01:15, 3 қазан 2023
Жетісу облысында кейінгі екі тәулікте жол апатынан бес адам қайтыс болды
-
00:31, 3 қазан 2023
Қостанай облысында есірткі таратқан екі студент қыз 10 жылға сотталды
-
00:03, 3 қазан 2023
Шымкентте жас жігіт скутерді ұрлап, артынша онымен шұңқырға түсіп кеткен