Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына келген Якутия басшысын қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға арнайы барған Айсен Николаевпен кездесуде өңіраралық ықпалдастықты нығайту және екіжақты байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамыту Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастардың ажырамас бөлігі саналатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Саха Республикасымен өнеркәсіп, сауда, IT-сектор, ауыл шаруашылығы және кен игеру индустриясы секілді түрлі салаларда ынтымақтастықты күшейтуге айтарлықтай мүмкіндік бар екеніне назар аударды.
Айсен Николаев көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, Якутия мен Қазақстан арасындағы байланыстарды кеңейтудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ол басым бағыттарда бірлесе жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізіп, алдағы уақытта екіжақты байланыстардың нығая түсетініне сенім білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:17, 15 қаңтар 2025
Ақтау және Алматы қалаларында есірткіні сату арналары жойылды
-
09:01, 15 қаңтар 2025
Қостанайда интернет-алаяқтар көбейді
-
22:55, 14 қаңтар 2025
Тұман, қар, жаяу бұрқасын: 15 қаңтарда қай өңірлерде ескерту жасалды
-
22:10, 14 қаңтар 2025
«Қазақтелеком» Tele2/Altel-ді қатарлық компанияға сатты
-
22:04, 14 қаңтар 2025
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан бір адамды құтқарды