Тоқаев бұрын дипломат болып жұмыс істеген Сингапурға оралғанына қуанышты екенін айтты
![](https://mail.kz/images/aac1f911160fc7dacf5d63fa20f36929-slider.jpg)
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасының Президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ делегациясына сый-құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екенін атап өтті. Сондай-ақ 1970-жылдары Кеңес одағының дипломаты ретінде қызмет еткендіктен, бұл елді өте жақсы білетінін және араға уақыт салып мұнда Қазақстан Президенті ретінде қайта келгеніне қуанышты екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Сингапурды уақыт сынынан өткен сенімді серіктес санайды. Бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл ретте Сингапурдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты. Пандемия салдарынан туындаған экономикалық қиындықтарға қарамастан, екіжақты сауда көлемі көп ұзамай 2 миллиард доллардан асады.
Қазақстан Президентінің айтуынша, еліміз сенімді саяси диалогқа, қарқынды дамып келе жатқан сауда және инвестициялық байланыстарға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың мүлде жаңа кезеңіне жол ашуға ниетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:24, 24 маусым 2024
Павлодар магистральдық желі бөлімшесіне 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
17:14, 24 маусым 2024
Елордалық оқушылар мен студенттердің жазғы демалысы ұзартылуы мүмкін
-
17:07, 24 маусым 2024
«Таза Қазақстан»: Ұлытау облысында ауқымды тазалық акциясы өтті
-
16:57, 24 маусым 2024
Ұрланған көлікке салық төлемеу үшін не істеу керек
-
16:42, 24 маусым 2024
Елімізде әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы төртінші апта қатарынан төмендеп келеді