Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады

12:38, 21 маусым 2026

© Сурет: zakon.kz

22-23 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың 2026 жылғы 21 маусымдағы мәліметінше, сапар аясында Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.

Сапар бағдарламасында Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу қарастырылған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін "Қазақстан – ЕО" дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!