Тоқаев Бердімұхамедовті Түркістан әуежайында салтанатты түрде шығарып салды
© Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 22 сәуірде Түркіменстан Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтың Қазақстанға екі күндік сапары аяқталды. Бердімұхамедовті Түркістан әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнынан түсірілген салтанатты суреттерді Ақорданың баспасөз қызметінің Telegram арнасы жариялады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті Түркістан әуежайынан шығарып салды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістанға 2025 жылдың 21 сәуірінде келді. Мәртебелі мейманды Түркістан әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. Одан кейін олар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Этноауыл кешенін және Түркістан зиярат орталығын аралады.
22 сәуірде Тоқаев Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді. Кейін олар SPK Turkistan индустриалды паркінде болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





