Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагерімен кездесті
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVIII БРИКС саммиті аясында Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті.
Мемлекет басшысы шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның Астанаға жасаған сапарының тарихи маңызын атап өтті. Оның аясында екіжақты қарым-қатынасты дамытуға тың серпін берген маңызды құжаттарға қол қойылған еді.
– Өзара ынтымақтастығымыз шын мәнінде сан қырлы сипатқа ие және көптеген бағытты қамтиды. Алдағы уақытта да бірлескен жұмысты ілгерілету үшін күш жұмылдыра береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент пен Абу Дабидің Тақ мұрагері энергетика, көлік-логистика, ақпараттық технология және ауыл шаруашылығы салаларында табысты іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларды талқылады. Аталған бастамалар экономикалық ықпалдастықты жандандырып, өзара сауда-саттық көлемін арттыруға септігін тигізеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға жылы лебізін жолдап, оның Қазақстанға сапармен келуін күтетінін айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:29, 12 қыркүйек 2026
Трамп Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында құттықтау хат жіберді
-
19:01, 12 қыркүйек 2026
Creative Aimaq: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде
-
18:50, 12 қыркүйек 2026
Ақтөбеде «Гүлдер әлемі» фестивалі өтті
-
17:38, 12 қыркүйек 2026
Тоқаев Нью-Делиге барды
-
17:01, 12 қыркүйек 2026
Алматы облысында шатқалда жеті оқушы мен екі мұғалім жоғалып кетті





